$ 478.96  533.03  5.22

АҚШ Мемлекеттік хатшысының сапары басталды

Блинкеннің президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сапар аясында ол премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді.

Сонымен қатар Блинкеннің президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.

Бұдан бөлек, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сапар барысында Орталық Азиядағы бес республикасының өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.

Форумның мақсаты –  АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары