АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін жалғастыра бермек - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін жалғастыра бермек

06.01.2017, 16:09

Бұған дейін АҚШ-тың бүкіл әлем елдеріндегі елшілері 20 қаңтардан бастап қызметтерінен босатылатыны туралы хабар тараған болатын. Мұндай ақпаратты The New York Times басылымы елшілік дереккөздерге сілтеме жасап мәлімдеген.

Алайда, Қазақстандағы америкалық дипмиссияның жетекшісі Джордж А. Крол қызметін одан әрі жалғастыра беретінін бүгін ресми мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жазылған.

"Елші Джордж Крол кадрлық елші болғандықтан Қазақстандағы АҚШ-тың елшісі қызметін 20 қаңтардан кейін де жалғастыра береді. Аталған жарлық тек саяси елшілерге ғана қатысты. Америка Құрама штаттары аймақтағы және бүкіл әлемдегі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың сақталуына мүдделі. 2017 жылы біз Қазақстанмен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әріптестігімізді одан әрі тереңдетіп, өзара қатынас салаларын кеңейтуді жалғастыра бермекпіз", - делінген аталған жазбада.

Айта кетейік, Джордж Крол Қазақстанда 2015 жылдың 8 қаңтарынан бері елші болып қызмет атқарып келеді. Бұған дейін ол 3,5 жылдай Өзбекстандағы дипмиссияны басқарған.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

Яндекс.Метрика

©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші