Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жұмысына қатысуда - Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары. Skifnews.kz ақпараттық портал

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жұмысына қатысуда

18.11.2016, 00:52
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жұмысына қатысуда primeminister.kz

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің жұмысына қатысуда. Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайты хабарлады.

Отырыс барысында ЕАЭО кеңістігінде дәрі-дәрмек айналысы саласын реттейтін құжатқа қол қою жоспарлануда. Аталған құжаттың қабылдануы дәрі-дәрмек нарығындағы жалпы айналымды тиімді ретке келтіріп, жұмыспен қамтуға, контрафактілік өніммен күресуге, дәрі-дәрмектердің сапасын арттыруға және олардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары отырысының негізгі күн тәртібі – Кедендік кодекс жобасын қабылдау мәселесін талқылау. Ол ұқсас халықаралық құжаттарды есепке ала отырып әзірленген.

Израиль мемлекеті ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді.

Еске сала кетейік, биылғы жылды, Қазақстанның ЕАЭО-қа төрағалық етуімен, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен және маңызды интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қарым-қатынасын нығайту жылы ретінде жариялаған. Келесі жылы ЕАЭО-ға төрағалық ету Қазақстаннан Қырғызстанға табысталады.

«Skifnews.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

E-mail: info.skifnews@gmail.com

Сайтта жарнама орналастыру

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 


©2016 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.

DivideGroup — сайт әзірлеуші