Соңғы жаңалықтар

Саясат

Түркияның бұрынғы президенті дүниеден өтті

Түркияның бұрынғы президенті және премьер-министрі Сүлеймен Демирель сәрсенбі күні Анкара ауруханаларының бірінде 91 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады РИА Новости.

Кәрім Мәсімов: Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол бергендер жазаланды

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берген шенеуніктер жазаланды деп мәлімдеді сәрсенбіде Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов парламент палатарының бірлескен отырысында.

Әйгілі америкалық миллиардер президент сайлауына түсетіндігін жариялады

Әйгілі америкалық миллиардер Дональд Трамп президент сайлауына түсетіндігін жариялады. Байлығы $4 млрд долларды құрайтын Трамп президент бола қалса, АҚШ-тың әйгілі держава атын қайтаруға уәде етті, деп жазады 7kun.kz

Парламент жұмысы ұзарды

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында бесінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының жұмысын ұзарту жөнінде шешім қабылданды.

Н.Назарбаев: «Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Буш АҚШ президенті сайлауына түсетінін мәлімдеді

Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш АҚШ президенті сайлауына түсуге ниеті барын мәлімдеді, деп жазады www.azattyq.org сайты.

Клинтон 2016 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, 2016 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ, деп жазады azattyq.org .

Енді Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК басқарады

Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп жазады елорда сайты.

АҚШ "Ислам мемлекетін" жою мерзімін айтты

"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобын жойып жіберуге халықаралық коалицияға он жылға дейін уақыт қажет. Бұл туралы АҚШ құрлық әскері штабының басшысы Рэй Одиерно CBS News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Саакашвилидің жалақысы қанша?

Грузияның экс-президенті, Одесса облысының жаңа губернаторы Михаил Саакашвилидің айлық жалақысы жария болды. Саясаткердің еңбекақысы – 5644 гривен, қазіргі валюта бағамымен есептегенде шамамен 267 АҚШ долларына тең.