Соңғы жаңалықтар

Саясат

Әділбек Жақсыбеков қос қызметті қатар атқарады

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшысының қызметін Әділбек Жақсыбеков елорда әкімі қызметімен қатар атқарады", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Түркия үкіметі отставкаға кетті

Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган Ахмет Давутоглу үкіметінің отставкасын қабылдады.  

ЕО Қрымға қарсы енгзілген санкцияларды ұзартады

Еуроодақ алдағы уақытта Қрымға қарсыенгізілген санкцияларды тағы бір жылға ұзартады. Бұл туралы Люксембургтегі ЕО-ның тұрақты төрағасы Кристиан Браун мәлімдеді.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Ақтау қаласында Маңғыстау және Павлодар облыстарының әкімдері арнайы экономикалық аймақтар мәселелерінде екі өңірдің ынтымақтастық перспективалары жайын талқылады.

Ресейді риза қылған жөн, АҚШ-тың қысымына түспеген одан да жақсы

Жыл сайын Мәскеуде 9 мамырда Ұлы Отан соғысының жеңісіне орай шеру өтеді. Биыл Ұлы жеңіске 70 жыл толады. Сіздерге мәлім, Украинадағы жанжалға байланысты Ресей батыс елдерінің санкциясына ілініп, экономикалық және әлеуметтік жағдайы 1990 жылдардағыдай болмаса да, айтарлықтай нашарлап кетті. Саяси ұпай жинау мақсатында және қарулы күштерінің мықтылығын, дипломатиялық беделділігін арттыру үшін,  биыл 9 мамырда өтетін шеруді жоғары деңгейде жүргізуде Мәскеу барлық күш-жігерін салуда.

Ұлты бірдің ұғымы бір деп кім айтады?!

Төрткүл дүние астаң-кестең төңкеріліп, әлдінің әлсізге күш көрсетуі белең алып, әлемдік ықпалдастықтың жаңа бөлінісі жүріп жатыр бүгінде. Жарты ғасырдан бері жалғасып келе жатқан Таяу Шығыстағы қақтығысты айтпаған күннің өзінде, беріде бес-алты жылдың бедерінде Араб әлемі сойқан соғыстың ортасында қалды емес пе? Былтырдан бері ықпалдастықтың эпицентрі бұрынғы кеңестік кеңістік ортасына да көшкендей. Украинадағы соғыс осының айғағы.

Иранға қарсы Сауд Арабиясының жақтастары кім?

Таяу Шығыстағы АҚШ-тың  соңғы әрекеттері Эр-Риядты қатты алаңдатуда. Ең басты наразылық Вашингтон Лозанада Иранның ядролық мәселелері бойынша жылылық танытып, Иранмен ауыз жаласа бастағаны. Бұл дегеніміз- Сауд Арабиясына қатысты  үрейлі қоңырау. Таяу Шығыста Сауд Арабиясы АҚШ-тың №1 сателлиті болып келіп еді, енді Вашингтон көңілін Иранға аудара бастаған сияқты. Иранның АҚШ-қа, Еуропа елдеріне бет бұруы Таяу, Орта шығыс, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия елдерінің геосаяси ланшафтысының толық өзгеруіне әкеліп соқтырады. Қазірдің өзінде Иран тікелей Ирак, Сирия, Йемен, Ливан елдерінде басымдылық танытып отыр.

Иранмен ядролық келісім жасау кімдерге тиімді, кімдерге зиян?

Иранның ядролық мәселелері бойынша ұзақ жылдар бойы бір шешімге келе алмай жүрген «алтылық», ( P5+1  Ресей, Қытай, АҚШ, Англия, Франция және Германия) міне,  Лозанада келісімге келген сияқты. 

«Сыртқы саясаттың» сараптамасы сандырақ емес-ау?!

Қазіргі таңда халықаралық жағдайдың қатты шиеленісіп тұрғаны кім-кімге болсын жаңалық емес. Араб әлемінде орын алып жатқан алапат жанжал өрті оның шекаралас көршілеріне де белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетіні, тіпті соңғы кездері аз-мұздап болса да тигізіп жатқаны және жасырын емес. Осыған орай біз саяси сараптамамен айналысатын«Сыртқы саясат» атты сараптама агенттігінің Орталық Азия мен Қазақстанға қатысты азын-аулақ мәліметтеріне көз жүгіртіп көрдік. Мәліметтер әлбетте, аталмыш аумақтардың 2015 жылға арналған «жақын арадағы жылнамасын» қамтиды.

Путин келді дегенше...

20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Президенттері: Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин үшжақты кездесу өткізді.