Соңғы жаңалықтар

Саясат

Иранға қарсы Сауд Арабиясының жақтастары кім?

Таяу Шығыстағы АҚШ-тың  соңғы әрекеттері Эр-Риядты қатты алаңдатуда. Ең басты наразылық Вашингтон Лозанада Иранның ядролық мәселелері бойынша жылылық танытып, Иранмен ауыз жаласа бастағаны. Бұл дегеніміз- Сауд Арабиясына қатысты  үрейлі қоңырау. Таяу Шығыста Сауд Арабиясы АҚШ-тың №1 сателлиті болып келіп еді, енді Вашингтон көңілін Иранға аудара бастаған сияқты. Иранның АҚШ-қа, Еуропа елдеріне бет бұруы Таяу, Орта шығыс, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия елдерінің геосаяси ланшафтысының толық өзгеруіне әкеліп соқтырады. Қазірдің өзінде Иран тікелей Ирак, Сирия, Йемен, Ливан елдерінде басымдылық танытып отыр.

Иранмен ядролық келісім жасау кімдерге тиімді, кімдерге зиян?

Иранның ядролық мәселелері бойынша ұзақ жылдар бойы бір шешімге келе алмай жүрген «алтылық», ( P5+1  Ресей, Қытай, АҚШ, Англия, Франция және Германия) міне,  Лозанада келісімге келген сияқты. 

«Сыртқы саясаттың» сараптамасы сандырақ емес-ау?!

Қазіргі таңда халықаралық жағдайдың қатты шиеленісіп тұрғаны кім-кімге болсын жаңалық емес. Араб әлемінде орын алып жатқан алапат жанжал өрті оның шекаралас көршілеріне де белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетіні, тіпті соңғы кездері аз-мұздап болса да тигізіп жатқаны және жасырын емес. Осыған орай біз саяси сараптамамен айналысатын«Сыртқы саясат» атты сараптама агенттігінің Орталық Азия мен Қазақстанға қатысты азын-аулақ мәліметтеріне көз жүгіртіп көрдік. Мәліметтер әлбетте, аталмыш аумақтардың 2015 жылға арналған «жақын арадағы жылнамасын» қамтиды.

Путин келді дегенше...

20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Президенттері: Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин үшжақты кездесу өткізді.

Қырымның болашағы бұлыңғыр

2014 жылы 1 наурызда Қырым парламентінің ғимаратын ешқандай айрықша белгілері жоқ жасыл әскери киімдегі адамдар басып алды. Қырымның премьер-министрі Сергей Аксенов Ресейден ресми түрде көмек сұрады. Жасыл киімдегі әскери адамдардың Ресейдің әскері болып шыққаны ешкімге құпия емес, қазір олар Қырымдағы стратегиялық маңызы бар барлық ғимараттарды өз қарауына алды. Міне, осылайша Ресей Қырымды өзінің территориясына қосып алды.

Уәлихан Қайсаров сынақтан сүрінді

Лингвистикалық комиссия бүгін сынақтың қорытындысы бойынша, президенттікке өзінің кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаровқа: «Мемлекеттік тілді еркін меңгермеген» деген баға берді.

Президент сайлауы-2015

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты Skifnews.kz ақпараттық порталы ОСК-да ресми түрде тіркелген үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін өз қызметін ұсынады.

Прайсты сақтау

Қазақстан мен Өзбекстандағы президент сайлауының ерекшеліктері

Сарапшы ғалымдар Орта Азия елдеріне келесідей қауіп төнуі мүмкін дейді:              

 - наркотрафик,

 - діни экстремизм,

 - энергетикалық қауіпсіздік.

Рахат Әлиевтің жұмбақ өлімі: көңілдегі түйткілдер

Осы жылдың 23 ақпанында Австрия түрмесінде өз өзіне қол салды деген Р.Әлиевтің жұмбақ өлімі өзімен бірге талай жұмбақты ала кеткені аян.

Украинағы бір күндік соғыстың шығыны қанша?

Біздің әлеміміз толқыса, төглейін деп тұрған сусынға толы кесе тәріздес. Дүрлігіп тұрған әлемімізді  үлкен өзгерістер күтіп тұр. Қазіргі заманның өзгерістері әртүрлі соғыстармен  ұштасып жатыр: гибридттік соғыс, кибер соғыс, ақпараттық соғыс, экономикалық соғыс, валюталық соғыс,  дәстүрлі соғыстар. Гибридттік,  кибер, ақпараттық, экономикалық, валюталық соғыстар ХХІ ғасырдың жаңалығы десек те болады, бұл соғыстарда майданның шебі болмайды, бірақ зиян келтіру жағынан дәстүрлі соғыстан асып түспесе, кем түспейді.