Соңғы жаңалықтар

Саясат

Борис Немцовтың өлімі кімдерге тиімді?

Ресейде нақты Путинге қарсы болған, өздерінің беделін пайдаланып, артынан халықты ерте алатын үш саясаткер болды, олар – Борис Немцов, Алексей Навальный, Михаил Ходорковский. Навальный соңғы жылдары   өзіне қарсы қозғалған қылмыстық сот процестерінен көзін аша алмай жүр, бір сөзбен айтқанда, өз басымен өзі  қайғы. Ходорковский түрмеден босағаннан кейін, қолын бір сілтеп, батыс елдеріне кетіп қалды. Немцовтың жағдайы өздеріңізге мәлім, яғни 2014 жылдың 27 ақпанында түнгі 23.40 шамасында Кремльдің түбінде Үлкен Москварецк көпірінде белгісіз адам өлтіріп кетті. Немцов жексенбіге жоспарланған «Весна» атты оппозициялық шерудің басты кейіпкері болуға тиіс еді.

Осы оқиғаға байланысты бұқаралық ақпараттардың мәлімдемелерін сараласақ. Кремльге қарап ұлитын бұқаралық ақпараттар келесідей болжамдарға тоқталады:

1. Ресейдің ішкі тұрақтылығын бұзуға арналған батыс елдерінің әрекеттері;

2. Шешенстандағы террористік топтардың әрекеті;

3. Украина билігінің қастандығы;

4. Ресей билігіне қарсы оппозициялық либерал топтардың әрекеті;

Ресейдің либералдық блогерлері мен саясаткерлері және батыс елдерінің беделді «The Guardian», «USA Today»,  Der Spiegel т.б. бұқаралық ақпараттары бірауыздан Немцовтың өліміне Кремльдің режимі, нақты Путиннің жасап отырған әрекеті кінәлі деп шулауда.

 Әрине Немцовтың өлімі саяси тапсырыс екені сөзсіз, бұл өлімнің нақты қандай күштерге тиімді екенін таразылап көрейік. Мелекеттегі кез келген саяси өлім, мейлі бұрын билік басындағы адам болсын, депутат болсын, әкім болсын,  бірінші мемлекеттің беделіне, екіншіден, билік басшыларына нұқсан келтіретін жағымсыз әрекет. Кез келген оппозиционердің өлімі билік басындағыларға мәңгілікке өшпестей болып басылатын қара таңба. Қай мемлекетте болмасын оппозиционерді, мәдениет қайраткерін, саясаткерді, қоғам қайраткерлерін өлтіріп жатса, ол мемлекет әлсіз болып саналады, себебі халық сыйлайтын бетке ұстар азаматтардың өмірін билік басшылары қорғай алмаса, әрине қарапайым халықтың да ойы керісінше болмақ.  Путиннің дәуірі дүркіреп тұрғанда (80% ресейліктер Путинді қолдайды «Левада центр») қайдағы бір либерал оппозиционердің өлімі Путинге пайда әкелмейді, керісінше зиянын тигізуі мүмкін және беделділік жағынан Немцов  Путиннің теңі емес. Қазіргі таңда Путиннің жауы шаш етектен асып отырғанда, тағы бір ішкі жауды тілеп алу тиімсіз жағдай. Сондықтан Немцовтың өліміне Кремль басшылары қатысты деген болжам шындыққа жанаспайды және әлсіз.

Рационалды ойлайтын адамға түсінікті, Немцовтың өлімінен Кремль басшылары тек сау басына сақина тілеп алады, ал батыс елдері бұл мәселені өз пайдаларына шешуі әбден мүмкін. Батыс елдері Немцовтың өлімін тілге тиек етіп өздерінің ескі әдеті «жеке адамның құқығын қорғау карнавалын» бастап кетті. Ресейдің либералдық оппозиционерлері мен батыс елдерінің басшылары Немцовтың өлімін пайдаланып, келесідей мақсаттарды ойластырып отыруы әбден  мүмкін:

1. Путиннің билік режимін құлдырату мақсатында халықты көтеріліске шығарып, Ресейдегі жағдайды ушықтыру;

2. Ресейге қарсы жаңа санкцияларды қолдану;

3. Путиннің режиміне Ресей халқының байкот жариялауы;

4. Украина және Сирия мәселесі бойынша Кремльге дипломатиялық қысым көрсету;

 Столыпин, Киров, Анна Политковская, Александр Литвиненко, т.б. сандаған қоғам қайраткерлерінің өлімдеріне қарасақ, бұл Ресейде жиі болып тұратын үйреншікті құбылыс, сондықтан оппозиционер Борис Немцовтың өлімі Ресейді дүр сілкіндіретін құбылыс деп айту қиын, уақыт өте бұл жағдай да ұмытылып, тарихтың қойнауында қалады.

Думан КӨПБАЕВ,

саясаттанушы

Әй, Балжан қыз, Балжан қыз...

Поляк еліндегі қазақтар қауымдастығының төрайымы, мұсылман елінің өкілі Балли Мажец Польшадағы президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылды деп мына жақта бөркімізді аспанға атып қуанып жатырмыз. Шардараның мінезі шатақ тумасы тап осы қазір поляк жұртын басқарып шыға келетіндей ақжарма қуанышымыздың аптығын әлі де баса алар емеспіз.

Қытайдың империя болуына не кедергі?

Кезінде Канаданың экс-премьер-ми­нистрі Ж.Кретьен: «Канада – АҚШ-тың көр­шісі. Алпауыт елдердің дамуы көрші елге дем бергенмен, оның екінші қыры тағы бар.

Борис Немцов: «Украинаның жалғыз жауы – Путин»

Борис Немцов Ресей президенті Путиннің саясатын ашық сынап жүрген  саясаттанушының бірі. Ендеше мұндай адамның пікірін елемей, ескермей кету мүмкін емес. Сол Немцов «Forbes.kz» журналына сұхбат беріпті.

Путиннің империялық амбициясын кім тоқтатады?

Батыс елдеріне Украинадағы жан-жалды тоқтату үшін нақты шешім қабылдайтын күн туды:

Президент өз ізбасарын дайындап отыр ма?

Сайлаудың иісі. Кезектен тыс сайлаудың сыбысы шықты деген сөз, міндетті түрде болады деген сөз.  Біздің саяси ойындар кейде жас баланың ойыны сияқты кімнің сырықпен түртіп тұрғаны көрініп тұрады.

Украина «Минск келісімінен» маза тапты ма?

 Осыдан 3 күн бұрын Германия, Франция, Ресей және Украина басшыларының Украина шығысындағы атысты тоқтату туралы «Минск келісімі» күшіне енгеніне қарамастан Донбасс пен Луганск аймағы маза таба қойған жоқ.

Президент сайлауы неге мерзімінен бұрын өтеді?

 Соңғы айларда Қазақстанның бұқаралық ақпараттарында мерзімінен бұрын сайлау өткізу мәселелері жиі айтылып кетті.

Минск-2 Путиннің тактикалық паузасы ма?

12 ақпанда Минск қаласында өткен  Нормандық төрттік кездесуінің нәтижесінде  Владимир Путин мен Петр Порошенко арасындағы келісім, Украинадағы соғысты тоқтатудың сүйінші хабары болып, жер жүзіне тарады. 16 сағаттық теке-тірес келісімдердің нәтижесінде Ресей және Украина президенттері 5000-нан астам адамның өмірін қиған жан-жақты қарулы қақтығыстарды толық тоқтатудың шарттары мен жолдарын шешкендей болды. Бірақ осыдан бір жыл бұрын қыркүйекте Белоруссия астанасында дәл осындай келісім жасалған еді, оның немен аяқталғаны жұрттың бәріне мәлім. Минск-2 келісіміне сенудің өзі күмән тудырады, себебі бұл мәселе бір ғана Путинның шешіміне байланысты болып отыр. Ол Украина және Батыс елдерімен шын достасқысы келе ме, міне, шешілмей келе жатқан барлық түйіткілдің түйіні осында жатыр. 

Қазақстанның бас идеологы кім?

Бүгінде Қазақстанның Хорватия Республикасындағы елшісі қызметін атқарып отырған Аслан Мусинді жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. Осыдан бірер жыл бұрын «Еліміздегі басты идеолог кім?» деген сауалға кез-келген қазақстандық «әрине Мусин» деп жауап беретін. Расымен де солай болды. Кейбір деректерге сенер болсақ, биліктегі үлкенді-кішілі ауыс-түйістердің басым көпшілігі осы тұлғаның араласуымен орын алып отырған. Тіпті, саясаттанушылар арасында Мусин «қара кардинал», «Берия» деген лақап аттармен де есте қалған болатын. Дегенмен, 2012 жылы Аслан Есполлаұлы ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылғаннан кейін оның ықпалы да тиісінше әлсіреп кетті. Қазір, тіптен шетел асып, елдегі саяси ахуалды Еуропада отырып бақылауға мәжбүр.