Соңғы жаңалықтар

Саясат

Депутаттар Жириновскийге қатысты Ресейден саяси баға беруді сұрады

Парламент мәжілісінің депутаттары ресейлік саясаткер, Ресей мемлекеттік думасының спикері Владимир Жириновскийдің бірер күн бұрын Қазақстанға қатысты мәлімдемесіне қарсылық білдіріп, нақты жауап берілуі қажет екенін мәлімдеді, деп хабаралайды Азаттық.

Елбасы Валентин Двуреченскийдің қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті мемлекет қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Валентин Двуреченскийдің қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Елбасы Жарлықтарымен Қазақстанның елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бірқатар елдердегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан елшісі Сауд Арабиясының Короліне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Абдельазизге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Сенат сайлауына 88 кандидат ұсынылды

Қазан айында өтетін парламент сенаты сайлауына 88 кандидат ұсынылған. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова мәлім етті.

Елбасы жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Президент Үкіметке ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке биылғы жылы ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Елбасы кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдерді жеңілдетуді тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңына дейін отандық экспорттаушыларды қолдау үшін жүк тасымалы құнын азайту шараларын қарастырып, кедендік рәсімдеу мен бақылау мерзімін қысқарту керектігін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Назарбаев депутаттық каникул мерзімін қысқартуды ұсынды

Бүгін бесінші шақырылған Парламенттің төртінші сессиясының ашылу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустан жазғы каникул мерзімін қысқартуды сұрады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Қазақстанда 2017 жылы міндетті медициналық сақтандыру қоры құрылмақ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетін өзгертіп, міндетті медициналық сақтандыру қорын құруды тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz.