Соңғы жаңалықтар

Саясат

Жомарт Ертаев Бақытжан Ертаевтың ұлы ма?

8 шілдеде жазғы демалыстарын асыға күтіп жүрген мәжіліс бірден 12 заңды бекітіп берді. Отырыстан кейін мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев банкир Жомарт Ертаевқа еш қатысы жоқ екенін айтты деп хабарлады КТК арнасы.

Үкіметте шұғыл жиын өтті

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданындағы “Қазақмыс” компаниясының тау-кен байыту комбинатында жұмысшылар арасында болған жаппай төбелеске байланысты Қазақстан үкіметінде шұғыл жиын өтті.

Оңтүстік Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы соңғы бес жылда 2,7 есеге азайған

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онлайн режимінде өткен отырысқа облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссиялар мүшелері қатысты. Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы квазимемлекеттік сектордағы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласындағы іс-қимыл шаралары, сонымен қатар Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік жоспарлардың іске асырылу барысы талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілер ант берді

Оңтүстік Қазақстан облысында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады. Шымкенттегі Тәуелсіздік саябағында өткен жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Парақорлықпен күресу – баршаның парызы

Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ең тиімді қүқықтық актілердің бірі  және соңғы үш жылдың ішінде біздің еліміздің әлемдік антикоррупциялық рейтингтік көрсеткіші жоғары болған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтті, дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы Т.Қадырбаев Skifnews тілшісіне.

Мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекет беделі

Мемлекеттік қызметшілер – билік пен бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Қарапайым тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі артып, мемлекеттік қызметшілер халық алдындағы жауапкершілік үдесінен шыға білгенде ғана екі арадағы көпірдің баршаға тиімді болатыны ақиқат, деп мәлімдеді Отырар ауданы әкімдігі персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы Динара Жіпсібаева Skifnews тілшісіне.

Гүлнара Каримова үйқамақта отыр

АҚШ юстиция министрлігі Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың отбасына тиесілі компанияның есепшотындағы 300 миллион долларды бұғаттауға сотқа арыз берді деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Назарбаев: Қазақ хандығының 550 жылдығын ерекше тойлау керек

Қазақ халқының тарихын толықтай қалпына келтіру керек. Мемлекет басшысы «Хабар» және «КТК» телеарналарында көрсетілген «С Назарбаевым о главном» деректі фильмінде осылай деді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің арнайы жоспары бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысында  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО департаментімен бірлесіп, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдармен атқарылатын жоспар бекітілген. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметов 2015 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары бойынша есебі барысында мәлімдеді.

Грекия дағдарысының Қазақстанға әсері

Сарапшылар грек дағдарысының Қазақстан экономикасына қаншалықты әсер ететіндігін айтты. Бұл жөнінде Tengri FM тілшісі хабарлайды.