29.01.2017, 13:41

Алматыда қысқы Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр

Алматыдағы "Алматы-Арена" мұз сарайында Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр. Айтулы шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Универсиаданың ашылу рәсімі мәдени іс-шаралармен бастау алып, жарысқа қатысушы ұлттық құрамаларды таныстырумен жалғасып жатыр. Жалпы, шара 2 сағат 40 минутқа жоспарланған. Қазақстанның туын Ұлттық гвардия офцерлері мен халықаралық ән байқауларында жеңімпаз атанып жүрген балалар алып шығады. Олар мемлекеттік әнұранды шырқайды деп күтілуде.

Алматыдағы қысқы универсиада ойындарына барлығы 57 мемлекет қатысып отыр. Қазақстанның ту ұстаушысы ретінде шаңғышы Дәулет Рахымбаев таңдалып алынған.

Универсиаданың өзі болса 8 ақпанға дейін жалғаспақ.