Алматыда өтіп жатқан XXVIII қысқы универсиада ойындарының бүгін алғашқы медальдары сарапқа салынды. Қазақстан ұлттық құрамасының қоржыны қола медальмен толығып отыр.
Шаңғымен 5 шақырымды жүріп өткен қыздар Универсиаданың алғашқы медальдарына ие болды. Айтулы жарыста Қазақстан намысын қорғаған Анна Шевченко 5 шақырымды 14.23.8 минутта бағындырып, жарыстың қола жүлдегері атанып отыр.
Бұл қашықтықты 14.08.6 минутта жүріп өткен ресейлік Лилия Васильева Универсиада чемпионы атанса, тағы бір орыс қызы Анна Нечаевская 14.21 минут көрсеткішімен екінші орынды иеленді.