30.01.2017, 08:28

Серена Уильямс WTA рейтингінде бірінші сатыға көтерілді

Америкалық теннисші Серена Уильямс Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтінгінде қайта көш бастады. Бұл туралы ақпарат ұйымның ресми сайтында жарияланды.

Айта кетейік, 28 қаңтар күні С.Уильямс Аустралияның ашық біріншілігін (Australian Open) жеңіп алған болатын. Ақтық кездесуде ол өзінің туған әпкесі Винус Уильямстан басым түсті. Осылайша америкалық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерін 23 рет жеңіп алған алғашқы сортшы атанып отыр.

Ал, WTA рейтингін бұған дейін бастап келген неміс Ангелик Кербер Australian Open турнирін төртінші айналымда аяқтады. Ол америкалық теннисші Коко Вандевегеге жеңіліп қалған болатын. Енді Германия өкілі рейтингтің екінші сатысында.

Естеріңізге салайық, Аустралияның ашық біріншілігін ерлер арасында 35 жастағы швейцар Роджер Федерер жеңіп алды. Финалда ол испан теннисшісі Рафаэль Надальдан басым түскен еді.