$ 443.37  474.49  4.83

Универсиада-2017: Фристайлшылар командалық сайыста алтын жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық фристайлшылар Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек командалық сайыста Универсиада чемпионы атанды. Бұл ел қоржынына салынған екінші алтын медаль.

Суперфиналда жерлестеріміз Қытайдан келген қос команданы басып озды. Атап айтқанда, қазақстандық команда көрсеткен өнерлері үшін 167,05 ұпай жинаса, Қытайдың бірінші командасы - 113,02, екінші командасы 87,77 ұпай еншіледі.

Қазір Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 8 медаль бар. Оның екеуі - алтын, екеуі - күміс және төртеуі - қола. Осылайша, жалпыкомандалық есепте қазақстандық студенттер Қытайды басып озып, екінші сатыға көтерілді. Бірінші орында Ресей құрамасы тұр.

Естеріңізге салайық, бұған дейін алғашқы алтын медальді Қазақстан сапынан биатлоншы Алина Райкова жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары