20.07.2023, 09:20

«Астана» Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шықты

Фото: prosport.kz
Келесі кезеңде «Астана» хорватиялық «Динамо» Загреб командасымен кездеседі.

«Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Тбилисидің «Динамосымен» қарымта ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астанадағы алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан еді. 

Грузияның бас қаласындағы кездесудің бірінші таймы алаң қожайындары үшін сәтті болды. 22-минутта Усман Камараның көмегімен «Динамо» есепте алға шықты. 

Екінші таймда Григорий Бабаян шәкірттері текетірес тағдырын өз пайдасына шешті. Алдымен, капитан Абзал Бейсебеков 50-минутта таразы басын теңестірсе, араға бір минут салып Демби Барбо командасын есепте алға шығарды. 

Келесі кезеңде «Астана» хорватиялық «Динамо» Загреб командасымен кездеседі.