09.02.2017, 10:16

ФИФА рейтингінде Қазақстан 96-орынға көтерілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футол федерациясының (ФИФА) жаңарған рейтингінде екі сатыға жоғарылап, 96-орынға тұрақтады. Бұл туралы мәлімет ФИФА-ның ресми сайтында жарияланған.

Жыл басталғалы Қазақстан футболшылары әлі бірде-бір ресми кездесу өткізген жоқ. Дегенмен, былтырғы жылдың жетістіктері ұлттық құраманың ұпай жинауына оң әсерін тигізген. Нәтижесінде, аталған рейтингте Қазақстан Финляндия құрамасын (97-орын) артқа тастады.

Үздіктер тізімінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. АЛғашқы ТОП-10 командада тек Франция ғана 7-орыннан алтыншыға көтерілген, яғни, Колумбиямен орын алмасқан. Қалған құрамалар өз позицияларын сақтап қалды. Көшті бұрынғыша Аргентина бастап тұрса, екінші орында - әлемнің 5 дүркін чемпиондары бразилиялық футболшылар, ал, үздік үштікті соңғы әлем чемпионы Германия ұлттық құрамасы қорытындылап тұр.

9 ақпанда жарияланған ФИФА рейтингі:

1 (1). Аргентина - 1 635 ұпай,2 (2). Бразилия - 1 529,3 (3). Германия - 1 433,4 (4). Чили - 1 386,5 (5). Бельгия - 1371,6 (7). Франция - 1 313,7 (6). Колумбия - 1304,8 (8). Португалия - 1240,9 (9). Уругвай - 1 195,10 (10). Испания - 1 168,...96 (98). Қазақстан - 352.