$ 494.87  520.65  4.91

Саппорода өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Жапонияның Саппоро қаласында жалауы көтерілген қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті деп хабарлайды Vesti.kz.

1,4 шақырымды классикалық үлгіде жүріп өткен шаңғышы қыздар арасында қазақстандық Елена Коломина мәре сызығын екінші кесіп, жарыстың күміс жүлдегері атанып отыр.

Бұл Азиада 2017 ойындарындағы Қазақстан спортшыларының жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін айта кетейік.

Дәл осы шақырымды жүріп өткен өзге қазақстандықтар жүлделі орындардан тыс қалды. Атап айтқанда, Ангелина Шурыга мен Тамар Эбель және Марина Матросова медальға таласқан негізгі топқа мүлдем ене алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары