Ал, жергілікті полиция бұл бассыздықты көре тұра еш шара қолданбаған, деп хабарлайды Bnews.kz.
Хорватиялық «Хайдук» клубының жанкүйерлері қазақстандық футболшылар орналасқан қонақ үйдің маңын түні бойы торуылдап, бір тыным бермеген. 50-ден астам фанат қонақ үйдің терезесінің түбіне жайғасып алып, түні бойы көшені «бастарына көтерген». Өз командаларының әнұранын айтып, көліктерінің сигналын басып, қысқасы, қолдан келгенше қарағандылық футболшыларға тынығуға мұрша бермеген.
Полицейлердің фанаттардың мұндай әрекетіне еттері үйреніп кеткен көрінеді. Себебі, бөтен елден келген қонақтарға хорватия жұрты осындай «керемет» мәміле көрсетеді екен.
Естеріңізге саламыз, бүгін Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясында Қазақстанның «Шахтер» командасы мен Хорватияның «Хайдук» клубына қарсы қарымта ойын өткізеді. Матч жергілікті уақыт бойынша түнгі 23:30-да басталады. Қазақстан арналары бұл ойында тікелей эфирден көрсетпейді.