$ 479.38  531.63  5.27

«KazSport» телеарнасы Чем­пиондар лигасы мен Еу­ропа лигасы матчтарын­ көрсетуді бастайды

Барша футболсүйер қауым көз тіккен Еуропа Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы матчтарын енді «KazSport» телеарнасы да көрсете бастайды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін «кәрі құрлықтағы» басты футбол додасын елімізде тек «ОҢ-ТВ» телеарнасы көрсетіп келген болатын.

«KazSport» телеарнасы­ 2017 жылғы 7 наурызд­ан бастап күллі жанкү­йерлер көз тіккен Чем­пиондар лигасы мен Еу­ропа лигасы матчтарын­ көрсетуді бастайды. ­Осы көктемде аталған ­турнирлердің 1/8, 1/4­, 1/2 финалдарының 50­ ойыны трансляциялана­ды. Ал келесі маусым ­«KazSport» телеарнасы­нда толықтай көрсетіл­мек», - делінген министрдің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары