$ 494.87  520.65  4.91

Зарина Дияс US Open-ге дайындалуда

Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс Нью-Джерсиде өтетін US Open «үлкен дулыға» турниріне дайындалу үстінде, деп хабаралайды Vesti.kz.

Спортшы Вашингтонда өткен WTA турнирінде жапон Куруми Нарамен жарысу барысында, аяғының ауырып тұрғанын сезініп, турнирден өз қалауы бойынша кеткен болатын. Дегенмен, US Open-ге теннистші қыз дайын болатын көрінеді.

Халықаралық WTA рейтингінде Зарина Дияс Ярослава Шведованы озып басып, Қазақстанның бірінші ракеткасына айналды. Биылғы маусымда 20-жасар Зарина «Үлкен дулығаның» негізгі кестесінде алғаш рет ойнаған болатын. Ал Australian Open-де үшінші айналымға, «Уимблдоне» төртінші айналымға дейін жеткен.

Халықаралық WTA рейтингінде 53-ші орында жайғасқан Зарина Дияс автоматты түрде US Open-нің негізгі кестесінде ойын көрсету мүмкіндігіне ие болып отыр.

US Open турнирі 25 тамыз күні бастау алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары