50 келіде сынға түскен спортшымыз колумбиялық қарсыласынан басым түсті.
Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді ұтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Осылайша Назым кемінде қола жүлдеге қол жеткізіп отыр.
Төрешілер есебі: 4-1.
Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.
Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.