Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады.
Дүйсенбі, 5 тамызда Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының шығатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
12:00 Оқ ату, скит, квалификация (аралас). Командалық жарыс.
15:50 Жеңіл атлетика, 200 метр, әйелдер арасында төменгі сетка раунды. Қазақстаннан Ольга Сафронова шығады.
18:00 Грек-рим күресінен 130 келі салмақта ерлер арасында 1/8 финал. Әлімхан Сыздықов румыниялық Алин Алексук Циуариуға қарсы шығады.
18:00 Грек-рим күресінен 60 келі салмақта ерлер арасында 1/8 финал. Айдос Сұлтанғали қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен жарысады.
Жазғы Олимпиадада медальдық есепте Қазақстан 28-орында. Біздің құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.