05.08.2024, 10:20

Париж-2024: Бүгін ел намысын кімдер қорғайды?

depositphotos.com

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. 

Дүйсенбі, 5 тамызда Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының шығатын уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

12:00 Оқ ату, скит, квалификация (аралас). Командалық жарыс.

15:50 Жеңіл атлетика, 200 метр, әйелдер арасында төменгі сетка раунды. Қазақстаннан Ольга Сафронова шығады.

18:00 Грек-рим күресінен 130 келі салмақта ерлер арасында 1/8 финал. Әлімхан Сыздықов румыниялық Алин Алексук Циуариуға қарсы шығады.

18:00 Грек-рим күресінен 60 келі салмақта ерлер арасында 1/8 финал. Айдос Сұлтанғали қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен жарысады.

Жазғы Олимпиадада медальдық есепте Қазақстан 28-орында. Біздің құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.