$ 494.87  520.65  4.91

9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Алдымен ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

olympic.kz
olympic.kz

Париж Олимпиадасында 9 тамыз, жұма күні қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдымен 12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.

Ал 14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.

Сондай-ақ 15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды. 

Қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.

Бұл күні 23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары