$ 478.93  534.96  5.16

«Өз спортшыларымызды дайындау керек»: Серік Сәпиев легионер спортшыларға қатысты пікір білдірді

Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек. Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», - деді Серік Сәпиев елордада Париж Олимпиадасының бокстан күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды қарсы алу сәтінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан намысын қорғаған легионер спортшылардың нәтижесі төмен екендігін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары