Нұрбекке сезімін білдіретін қыздар саны көбейген.
Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қазақстандық қыздарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Боксшы Олимпиаданың финалына шыққан соң әлеуметтік желіде бойжеткендердің Нұрбекке сезімін білдіріп жатқан видеосы трендке айналды. Астанаға оралған спортшыдан тілшілердің бірі: "Қыздар сізді "краш" деп атап, сізге тұрмысқа шыққысы келетінін" айтып жатыр. Бұған сіз қалай қарайсыз?" деп сұраған.
"Иә, көрдім. Әзірге үйленетін ойым жоқ. кейін көреміз", - деді спортшы.
Айта кетейік, Нұрбек – егіздің сыңары. Оның бауыры Айбек те бокспен айналысады, үйленген, екеуі де Париж олимпиадасында тұңғыш рет бақ сынады. Бірақ Айбек жүлдегерлер қатарына іліге алмады.