$ 478.93  534.96  5.16

«Төмен нәтижеге байланысты»: Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары жаппай жұмыстан шығарылды

Бұл туралы ақпарат бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

Бокс федерациясы Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының жаппай отставкаға кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз”, – делінген жазбада. 

Тізім:

- Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;

- Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов;

- Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;

- Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;

- Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 73
Ұнамайды 10
Күлкілі 10
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары