Алайда Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз.
Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қыркүйек айында өтетіні мәлім болды. Бұл туралы All Stars Boxing компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде қазақ боксшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионы және Олимпиада чемпионы – Данияр Елеусінов өнер көрсетеді", - деп компанияның баспасөз қызметі.
Турнир 28 қыркүйекте Алматы қаласындағы "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Алайда Елеусіновтің қарсыласы әлі белгісіз. Сондай-ақ бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров IBO және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғау үшін шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилмен өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта IBO титулын иеленген болатын. Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.