Қазір Черчесовтің келіссөздер жүргізу үшін Разградқа барғаны да айтылуда.
Ресейлік маман Болгария клубының бас бапкері атануы мүмкін. Қазіргі кезде осындай ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1bol.kz сайтының жазуынша, Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Болгария чемпионының бас бапкері лауазымына үміткерлердің бірі атанды.
Қазір Черчесовтің келіссөздер жүргізу үшін Разградқа барғаны да айтылуда. 60 жастағы бапкер клуб тізгінін 17 тамызда «Левскимен» өтетін ойыннан соң алуы мүмкін.
Естеріңізде болса, маусым айының басында Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасына тағайындалды. «Лудогорец» Болгария чемпионатының жаңа маусымында алғашқы екі матчта жеңіске жетті. Биыл клуб қатарынан 13-рет ел біріншілігінде топ жарды.