19.08.2024, 19:20

Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды

Фото: azh.kz

Сондай-ақ бұл кеште IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығады.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің Алматыда өтетін жекпе-жегінде кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға қайта оралатын Данияр Елеусіновтің қарсыласы белгілі болды. IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйға қарсы жұдырықтасады. Бұл Даниярдың кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болса, Джо үшін 28 жекпе-жек болмақ.

Сондай-ақ бұл кеште IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді.