Кейін қолға алғаннан кейін, шыны керек, сапасы нашар болды.
Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистер Олимпиада жүлдегерлеріне медальдің сапасына байланысты сұрақ қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Басында медаль алмай тұрғанда, басқа спортшылардың шағымын көрген болатынмын. Кейін қолға алғаннан кейін, шыны керек, сапасы нашар болды. Сырты аздап кетіп жатыр. Негізі медаль әдемі. Бокста жүргеніме қанша жыл болды. 16 жылда алған медальдарымның ішіндегі ең ерекшесі, әдемісі деп айтар едім, - деді Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай.