$ 494.87  520.65  4.91

«Жеңілдеп қалдым»: Белгілі спорт журналисі Назым Қызайбайды не үшін жылатқанын айтып берді

Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. 

Фото: instagram.com/kazhenov.aslan
Фото: instagram.com/kazhenov.aslan

Спорт журналисі Аслан Қаженов Назгүл Әмірбекке берген сұхбатында Назым Қызайбайға қатысты оқиға қалай болғанын айтып, көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Назым Қызайбайдың сұрағы арқылы жылатып қойғанын мойындады.

"Назымды мен жылатып қойдым. Сол кезде қатты сынға алды. "Аслан, неге жылатасың, ол біздің батыр қызымыз ғой" деді. Кейін Назыммен сөйлестім, ол маған рахмет айтты. "Жеңілдеп қалдым" деді. Неге екенін білмеймін, миымда Назым алтын алатын сияқты болып тұрды. Жеңіліп қалғанын мүлдем қабылдай алмадым. Назым да жеңілгеніне ашуланып тұр. "Назым, осы қолаға қанағаттанып тұрсың ба, әлде "әттеген-айың" бар ма" деп сұраймын. Негізі дұрыс емес сұрақ қой. Ішімнен мен қанағаттанбай тұрмын. Ол да толқып, орамалына көз жасын сүртіп, жылап қалады. Кейін медаль таққаннан кейін кездестік. "Назым, бізге ренжіп жатыр" деп айтып түсіндірдім. Ол да түсініп тұр. Қыздар боксында Назым ғана медаль алып тұр. Батыр қыз ғой нағыз", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 19
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары