Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет Әкімжан кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуандар Едіге Қасымбек пен Бақдәулет Әкімжан үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет Әкімжан кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.
Фото: ҰОК
Бұл — аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде.
Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын.
Ал Едіге Қасымбек 17 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен 110 келі салмақта бақ сынаған Едіге финалда америкалық спортшыға есе жіберді.