25.08.2024, 15:30

Әлем чемпионы атанған маңғыстаулық боксшы шаңырақ көтерді (ВИДЕО)

Фото: t.me/mangystaumedia

Спортшының қуанышында бірқатар спорт жұлдызы қонақ болды. 

80 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған боксшы Бекзат Нұрдәулетовтің тойы Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде өткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлем чемпионы атанған спортшының қуанышында бірқатар спорт жұлдызы қонақ болды. Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов інісін құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Сондай-ақ, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай да бокстағы әріптесінің тойына барғанын Instagram-дағы парақшасында Storiеs бөлімінде салып, Нұрдәулетовті отау құрғанымен құттықтады.

Ал Бекзат Нұрдәулетовтің жары туралы ақпарат әзірге белгісіз.