$ 478.96  533.03  5.22

«Сол кезден от екен»: Демеу Жадыраевтың бала кезінде күрескен сәті таспаланған видео тарады

Бейнежазбадан Бішкектегі турнирге қатысқан спортшының күресіп жатқан сәтін көруге болады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың бала кезде түсірілген видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бейнежазбадан Бішкектегі турнирге қатысқан спортшының күресіп жатқан сәтін көруге болады. Видеоны қырғызстандық спорт журналисі Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

"2001 жыл. Республикалық олимпиадалық резерв колледжінің 30 жылдығына арналған Бішкекте өткен турнир. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, кілемде күресіп жатқан Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық Демеу Жадыраев", – деп жазды журналист. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары