Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.
Қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі Гран-при кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шахматтан Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы соңғы турда Вейшали Рамешбабумен (Үндістан) тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізді. Ал Асаубаевамен бірдей келе жатқан Алина Кашлинска (Польша) қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпаймен жеңімпаз атанды.
Жалпы Бибісара Тбилисиде әуелі Сарасадат Академалшариехті (Испания), сосын 7-турда Александра Костенюкті (Швейцария) ұтты. Қалған партияның бәрінде қарсыласпен тең тарқасқан.
Бибісара – бұл турнирді жеңіліссіз аяқтаған шахматшының бірі.