Қолдан келгенше келесі Олимпиадаға қатысамыз деген ниеттеміз. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз.
Париж Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Париж Олимпиадасынан кейін бапкеріммен ақылдаса келе 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысу туралы шешім қабылдадық. Лос-Анджелеске дейін күресе беруді көздеп отырмыз. Парижде алған қола медаль маған шабыт берді. Жарақат, алаңдататындай мәселе жоқ. Денсаулығыма еш шағымым жоқ. Дзюдо – менің жұмысым. Қолдан келгенше келесі Олимпиадаға қатысамыз деген ниеттеміз. Соған аянбай еңбек етіп, жұмысты жалғастырамыз", - деді Ғұсман Қырғызбаев Youtube желісіндегі "Beren live" арнасына берген сұқбатында.
Еске салайық, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Ол алғашқы кездесуінде испаниялық дзюдошы Дэвид Гарсияны жеңсе, 1/8 финалда Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулдан, ал ширек финалда Олимпиада қожайыны – Франция құрамасының спортшысы Валид Кхярдан басым түсті.