$ 478.96  533.03  5.22

Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташтан» кетеді – БАҚ

Зайнутдинов биылғы Түркия чемпионаты басталғалы «Бешикташ» сапында алаңға шыққан жоқ. Ол жазғы оқу-жаттығу жиындарына да қатыспады. 

Фото: ©ҚФФ
Фото: ©ҚФФ

«Бешикташта» бір жыл доп тепкен қазақстандық Бақтиер Зайнутдиновтың Түркияға «саяхаты» аяқталған секілді. Жергілікті Fanatik басылымының жазуынша, қорғаушы стамбұлдық клубпен келісімшартын жақын күндері үзеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Өткен маусымда ресейлік ЦСКА-дан «Бешикташқа» ауысып келген қазақстандық қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов осы маусымда мүлдем көрінбей кетті. Біздің білуімізше, 26 жастағы ойыншы командадан кетеді. Зайнутдиновтің «Зенитке» трансфері келісіліп қойғанына қарамастан ол Ресейге барғысы келмейтінін айтып, қалып қойған еді», - деп жазылған аталған басылым таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары