29.08.2024, 12:20

«Есеңгіретіп тастады»: Қазақ боксшысы Рамзан Қадыровтың алдында нокаутқа түсті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр / Бокс-ТВ

Қазақ боксшысына қарсылас болған Ризван Элиханов бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, соның 14-де жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен.

Шешенстан астанасы Грозныйда өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Берікбай Нұрымбетов (8-6-1, 3 КО) жергілікті боксшымен жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақ боксшысына қарсылас болған Ризван Элиханов бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, соның 14-де жеңіске жеткен және 13-і нокаутпен.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі екінші раундтың басында аяқталды. Соққы алмасу кезінде шешен боксшысы Берікбайдың жағына ауыр соққысын дәл тигізіп, оны есеңгіретіп тастады. Қазақстандық бапкерлер мұнан кейін кездесуді тоқтатуды жөн деп санап, рефериге арнайы белгі берді.

Айта кету керек, кәсіпқой бокс кешін көруге Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың өзі келді.