$ 478.96  533.03  5.22

Әйгілі жүйрік Кабирхан Көшпенділер ойынында өнер көрсете ме

Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр.

Фото: instagram.com/racingdubai
Фото: instagram.com/racingdubai

Бұл туралы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлгі бар, онымен Құрманбек Түрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған», — деді Қ. Мәулен.

Алайда спикердің айтуынша, ауа райы мен транспортқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары