31.08.2024, 11:30

Паралимпиада ойындары: Бүгін Қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен сайысқа түседі

Фото: Sportbox

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. 

Бүгін, 31 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдымен пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов жарыс жолына шықса, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.

Ал 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеседі.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарының алғашқы екі күнінде ел құрамасы қоржынына жүлде әлі жүлде түскен жоқ.