$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін қызметінен кеткен Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады

Экс-министр Ермек Маржықпаев президент пен үкіметке алғыс білдірді.

Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен жұмысынан шығып қалған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды.

Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін.

Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін!», – дейді Ермек Маржықпаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары