01.09.2024, 01:30

Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін еншіледі

Фото: Паралимпиадалық комитет

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі.