$ 495.2  522.34  4.94

Садриддин Ахмедов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

26 жастағы Садриддин 2022 жылдан бері кәсіпқой рингке шықпаған.

Фото: WBA
Фото: WBA

Кәсіпқой бокстан орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-та өткен кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Санта-Инез қаласында өткен бокс кешінде Ахмедов америкалық Антонио Тоддпен (17-10, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек небәрі бір раундқа созылып, қазақ боксшысының айқын жеңісімен аяқталды.

Садриддин қарсыласын алдымен нокдаунға жіберген. Рефери кездесуді жалғастыруға рұқсат бергені сол екен, ол Антонио Тодды ауыр соққыларымен төпелей жөнелді. Мұнан соң төрешінің жекпе-жекті тоқтатуына тура келді.

26 жастағы Садриддин 2022 жылдан бері кәсіпқой рингке шықпаған. Ол соңғы рет Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетіп, африкалық қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. Жуырда қазақ боксшысы америкалық промоутермен келісімшарт жасасып, мансабын сол елде жалғастыратын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары