01.09.2024, 17:30

«Челси» командасы елімізге қашан келетіні белгілі болды

Фото: Twitter/Chelsea FC

Қазіргі уақытта клубтың бас стадионы "Астана Арена" жөндеу жұмыстарына жабылған.

Қазақстандық "Астана" футбол клубы қатысатын Конференция лигасы негізгі кезеңінің матчтары қашан өтетіні белгілі болды. Кесте УЕФА ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Еурокубоктың негізгі кезеңі 2 қазанда басталады. "Астана" 3 қазанда Сербияның "ТСЦ" футбол клубына қарсы өз алаңында ойнайды.

3 қазан. 21:45 "Астана" – "ТСЦ" (үйде);

25 қазан. 00:00. "Нью-Сейнтс" – Астана (сырт алаңда);

7 қараша. 21:45. "Пафос" – "Астана" (сырт алаңда);

28 қараша. 19:30. "Астана" – "Витория" (үйде);

12 желтоқсан. 19:30. "Астана" – "Челси" (үйде);

20 желтоқсан. 00:00. "АПОЭЛ" - "Астана" (сырт алаңда).

Айта кетейік, әзірге "Астана" өз алаңындағы матчтарын қайда өткізетіні белгісіз. Қазіргі уақытта клубтың бас стадионы "Астана Арена" жөндеу жұмыстарына жабылған, команда еурокубок ойындарын Алматының Орталық стадионында өткізеді.