$ 494.87  520.65  4.91

«Таратып жібердім»: Елдос Сметов алған сыйлықтарын жақын адамдарына бөліп берген

Париж Олимпиадасының жеңімпазы мұндай қадамға не үшін барғанын айтты.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында алған сыйлықтарын кімдерге сыйлағанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олимпиада чемпионына Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп қымбат көлік сыйлаған еді. Елдос бұл көлікті әкесіне тарту еткенін айтты. Ал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйлаған Merсedes көлігін Олимпиада чемпионы өзі айдауды жоспарлап отыр. Бұл көліктің мемлекеттік нөмірі де Елдостың салмақ дәрежесіне (060) сәйкес таңдалған. 

Париж Олимпиадасының жеңімпазы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Жерлестері де оған Haval 6 көлігін мінгізген.

"Бұл көлікті мені бес жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір -74-те", – дейді Елдос Сметов.

Сондай-ақ Жамбыл облысының әкімдігі демеушілермен бірлесіп, бес бөлмелі пәтер сыйлаған. Ол өзінде қалды. Ал демеушілер берген екі бөлмелі пәтерін жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке тарту еткен.

Жамбыл облысының дзюдо федерациясының президенті арыстанның терісін берген, оны спортшы досына сыйлапты. 

Сондай-ақ, Ақтөбелік танымал кәсіпкер Елдосқа 100 жылқы сыйлаған еді. 

"100 жылқыны туған екінші ағам бар, соған беретін болдым", – дейді Олимпиада чемпионы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары