$ 478.96  533.03  5.22

«Команданың тілеуін тілейік!»: Журналист тек қазақтардан құралған параволейболшыларды қолдауға шақырды

Ерлер құрамасы Мысырмен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Фото: mediaparis2024 телеграм арнасынан
Фото: mediaparis2024 телеграм арнасынан

Бүгін Париж олимпиадасында пара волейболдан Қазақстан құрамасы бақ сынайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ерлер құрамасы Мысырмен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Осы орайда танымал спорт журналисі Қыдырбек Рысбек жанкүйерлерді кілең қазақтардан құрылған командаға қолдау көрсетуге шақырды.

Бүгін қазақ елінің Бауыржан Тахауов баптайтын параволейбол құрамасы Мысыр спортшыларымен бәсекеге түседі. Осы ойында жеңген команда Париж паралимпиадасының жартылай финалына табан тірейді. Ел болып кілең қазақ жігіттерінен жасақталған команданың тілеуін тілейік! – деді Рысбек.

Естеріңізде болса, бұған дейін біздің жігіттер алғашқы ойында Франция құрамасын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, екінші кезекте дүние жүзіндегі ең азулы команданың бірі, Олимпиада ойындары мен әлем чемпионатының жүлдегері Босния-Герцеговина командасынан аса тартысты бәсекеде 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал бүгін жеңіске жетсе, тарих сәт орнамақ.

Қазақ командасы үшін аса маңызды айқас. Жігіттер Мысырды ұтса, Паралимпиада ойындарындағы мойны озық төрт команданың қатарына қосылады. Бұл тарихи қадам болмақ.
Жігіттерге Алла Тағала күш-қуат беріп, қадамын құтты қылсын! – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары