Зайнутдинов пен Айымбетов ұшып келді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың Норвегияға қарсы матчқа дайындығы жөнінде айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы ұлттық құраманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Жігіттер біртіндеп жиналып жатыр. Зайнутдинов пен Айымбетов ұшып келді. Скварцов та қатарға қосылды. Ертең толық құрамда алғашқы жаттығуды өткіземіз. Жоспар бойынша барлығын орындап жатырмыз. Кейбір элементтерге аз көңіл бөлудеміз, өйткені уақыт жетпейді. Рамазан Оразовқа қатысты сұрақтар болды, ол МРТ жасайды, сонан соң оның аяғы жайлы толық білетін боламыз. Кусяпов келе алмады. Ал Самородовты қалыпқа келтіруге тырысып жатырмыз. Мұндай жағдайда кез-келген ойыншы біз үшін қымбат", - деді Станислав Черчесов.
Сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Норвегияға қарсы ойынға тыңғылықты дайындалып жатқанын айтты.
"Қарсыластарды қарап шықтық. Жақсы ойыншылардан жасақталған, бірақ қарсылас туралы аз ойлағым келеді, өйткені ең маңыздысы – біздің команданың дайындығы. Кез-келген қарсыласқа дайын болу үшін тиянақты жұмыс істеуіміз керек. Біз дұрыс жоспар құруға тырысамыз, ал жасыл алаңда тапсырманы орындайтын футболшылар. Басқа не дейін? Қолдау күтеміз, өз алаңымызда өтетін ойындарда жанкүйерлердің қолдауы маңызды", - деді Станислав Черчесов.
Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматының "Орталық стадионында" өтеді.