$ 478.93  534.96  5.16

«Сиырға обал»: Астанадағы спорт мектебінің ерекше шақыртуы желі қолданушыларын таңқалдырды (ВИДЕО)

Сиыр құласа да, спортшыларымыз биіктен көріне білсін! 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түсірген видеосы желі қолданушыларын күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі Instagram желісіндегі ресми парақшасына 8 қыркүйекте басталатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақыру видеосын жариялады. Кейін бұл видеоны Астана қаласының әкімдігі де әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

"Сиыр құласа да, спортшыларымыз биіктен көріне білсін! V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 5 күн қалды", - деп жазды Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

Аталмыш видеоға әзіл аралас пікір жазған оқырмандар да бар.

"Недеген жарнама", "Сиырға обал", "Креативке сөз жоқ", - деді желі қолданушылары.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары