$ 478.93  534.96  5.16

«Тосын сый»: Шетелде ойнайтын екі қазақстандық футболшы ұлттық құрама сапына қосылды (ВИДЕО)

Қазақ футболына көзқарасымызды одан ары қарай өзгертіңіздер!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының Норвегияға қарсы матч алдындағы жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан футбол құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған видеодан Зайнутдинов пен Айымбетов Алматыдағы "Орталық стадионға" келгенін көруге болады.

"Тосынсый, тосынсый! Жігіттер оралды", - делінген ұлттық құраманың жазбасында. Жанкүйерлер екі футболшыдан гол күтетіндерін жазып, командаға сәттілік тілеп жатыр. "Екеуі де гол салсын", "Сен тұр мен атайын деген жігіттердің бәрі құрамада! Ендігі тек жеңіс керек. Данияны ұтқандай әдемі жеңіс тілейміз", "Қазақ футболына көзқарасымызды одан ары қарай өзгертіңіздер", "Сенсация жасай берейік", "Жеңісті ойын болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында 6 қыркүйекте сағат 19:00-де Норвегияға қарсы матч өткізеді.

Ойын Алматыдағы Орталық стадионда болады. Ал 9 қыркүйекте ұлттық құрама Любляна қаласындағы "Стожице" стадионында Словенияға қарсы ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары