Қазақстанның намысын қорғаған спортшы Ақмарал Науатбек Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанған еді. Жеңіс тұғырына шыққан чемпионның әсерлі суреттері елді сүйсіндіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осы орайда Ақмаралдың сұлулығына тәнті болған желі қолданушылары оған өлең арнап үлгеруде.
Жайқалтып гүл боп өскен кең даланы,
Ерекше сүйкімді боп бүр жарады.
Шынашақтай қазақтың батыр қызы -
Олимпиада чемпионы Ақмаралы.
Айналайын, аман бол, қарлығашым,
Қанатың самғаудан бір талмасын.
Мақтанысың еліңнің мықты қызым,
Қайталанбас, әрине, нар тұлғасың.
Спортшы пара дзюдодан сынға түсті. Ол 48 келі салмақта финалға шыққан болатын. Шешуші белдесуде Ақмарал Франция спортшысы Сандрин Мартинемен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.